Құқық қорғау органдары

Полицейлер тұрғынға ұрланған велосипедін тауып берді

Полицейлер тұрғынға ұрланған велосипедін тауып берді. Оқиғаның мән-жайын жіті баяндайық.

Шілденің 28-і күні 54 жастағы петропавлдық қос дөңгелекті көлігінің жоқ екенін байқайды. Құны 130 мың теңгені құрайтын жылжымалы мүлік Семашко көшесінде орналасқан үй аулаларының бірінде тұрыпты. Жерлесіміз бірден тәртіп сақшыларына хабарласқан. Мамандар бейнежазбаларды қарау арқылы велосипедтің қолды болғанын анықтайды. Артынша ұрыны құрықтайды. Бөтеннің мүлкіне мас күйдегі 48 жастағы азамат мініп, тайып тұрыпты. Қылмыскер қолхатпен үйіне жіберілген екен. Ол – іс аяқталғанша бақылауда. Полицейлердің сөзінше, мұндай жағдайға тап болмас үшін қос дөңгелекті көлікті қараусыз қалдырмау және дұрыстап құлыптау керек. Қазіргі таңда арнайы базаға тіркелуге де мүмкіндік бар. Онда көрсетілген нөмірлер арқылы ұрланған дүниені жедел арада табуға болады.

 

 

 

Жанна Бисенова