Қоғам

Ашық әкімдіктердің жұмысы көңіл көншітпейді

Аймақта сыбайлас жемқорлықты болдырмау мәселелері онлайн форматта талқыланды. Республикалық “Адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен өткен шараға өңір жетекшісінің орынбасары Ғани Нығыметов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы Ернар Баянғазин қатысты.

Жиында өңірдегі ашық әкімдіктер сынға алынды. Бүгінде облыс бойынша олардың саны 9-ды құрайды. Арнайы мониторингілік топ Уәлиханов пен Ақжар аудандарындағы орталықтарды тексеріпті. Анықталғандай, мұнда мүмкіндігі шектеулі жандардың келіп, мамандардың көмегіне жүгіну үшін тиісті жағдай жасалмаған. Тағы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары да жұмыс істемейді. Ал, ақпараттық бейнеролик көрсетілуі тиіс теледидарлар мүлдем сөніп тұр екен. “Адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің жетекшісі аудан басшыларына ескерту жасады. Мақсат – оупен спейс форматындағы әкімдіктердің сапасын арттыру. Ол үшін жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыру керек дейді Төлеген Байғұлов.

Төлеген Байғұлов – “Adaldyq alańy” республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі:

– Алдағы уақытта жобалық кеңсе жоғарыда атап өткен салалардағы мәселелерді шешуі керек. Тек облыс орталығындағы ғана емес, ауылдардағы тұрғындармен де кері байланыс орнату керек. Округ әкімдерінің арасында конкурс ұйымдастырылып жатады. Сол жерде біреулер ұтып жатады. Бірақ, шын мәнісінде халық үшін не істегенін алдағы уақытта тексеретін боламыз.

 

 

 

Эльмира Садвокасова