Құқық қорғау органдары

Петропавлда жол-көлік апаты орын алды

Кеше кешкілік Петропавлдағы Жабаев пен Партизан көшелерінің қиылысында жол-көлік апаты орын алды.

Оқиға барысын баяндайық. “ВАЗ-21099” маркалы автокөлікке “Nissan Qashqai” қарама-қарсы шыққан екен. Бұл сәтте алғашқы машинадағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, оң жаққа бұрылыпты. Нәтижесінде Жабаев 142 мекенжайының автотұрағында тұрған 3 бірдей темір тұлпарды соққан. Соққыдан 2 жолаушы жарақат алды. Оларға дәрігерлер көмек көрсетіп, үйлеріне қайтарыпты. Ал автомобильдер зақымданған.

Оксана Попова – қалалық ПБ патрульдік полиция батальоны штабының бастығы:

– Медициналық сараптама жасалды. Сол кезде жол апатына қатысы бар 2 тұлғаның да алкогольді ішімдік ішпегені анықталды. Оқиғаға байланысты Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабына сәйкес іс қозғалды. Алдағы уақытта Петропавл қаласының арнайы әкімшілік соты шешім шығарады.

 

 

Жанна Бисенова