Денсаулық сақтауCOVID-19: Қазақстан

МӘМС қоры науқастардың ем-домын өтейді

Елімізде тәжді вирусты ауыздықтауға қыруар қаржы бөлініп жатыр. Қомақты ақшаның бір бөлігі Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына тиесілі. Мысалы, біздің өңірге қордан 1.5 млрд теңгеге жуық қаражат бөлініпті.

Лариса Гордеева – “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕ АҚ СҚОФ директоры:

– Халыққа көмек көрсету үшін 23 медициналық мекемемен 339 млн теңгеге шарт жасалды. Қауіпті аймақтарда жұмыс істеп жатқан медициналық қызметкерлерге үстемеақы төлеуге 983 млн теңге бөлінді. Және ПТР-диагностикаға 173 млн теңге қарастырылды.

Бұдан бөлек, Медициналық сақтандыру қоры дәрі-дәрмек үшін де ақша бөледі. Төлем 100% жасалған. “СК-Фармация” серіктестігімен келісімшарт жасалыпты.

Лариса Гордеева – “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕ АҚ СҚОФ директоры:

– Халықты дәрілермен қамтамасыз ету. Бұл – негізгі міндеттердің бірі. Сондықтан түрлі шаралар қабылданып жатыр. Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой негізгі тізімге 5 фармпрепаратты қосу мәселесін көтерді. Егер де дәрілер қабылданса, олар дәрігерлердің тағайындауы бойынша халыққа қол жетімді болмақ.

Сөз соңында айта кетейік, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры коронавирус инфекциясымен ауырған жандардың ем-домын өтейді.

Мысалы, індеттің жеңіл түріне шалдықан бір науқасқа – 292 600, орташа түріне – 446 100, ал ауыр түріне шалдықан жанның еміне 1,5 млн теңге қарастырылған.

 

 

Ешкенова Дана