COVID-19: Қазақстан

Далада маскасыз жүргендерге айыппұл салынады

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың жаңа қаулысына сәйкес, далада маскасыз жүрмеу қажет.

Яғни, тұрғындар енді қоғамдық орындарда ғана емес, көшеде де міндетті түрде бетперде тағулары керек. Себебі, ашық аспан астында жүрген адам кем дегенде бетін 3 рет ұстайды екен. Бұдан инфекция жұқтырып алу қауіпі жоғарылайды. Сондықтан осындай жаңашылдық енгізіліп отыр. Ал егер талап орындалмаса, тұлғаға 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Бұл – шамамен 84 мың теңге.

Әсет Жұматаев – қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы:

– Бұрын жабық мекемелер мен ғимараттарда бетперде тағу керек болатын. Бүгін далада дала да бетперде тағу міндет.

 

 

Маржан Касымбек