Құқық қорғау органдары

Полицейлер тұрғынға ұрланған автокөлігін тауып берді

Петропавлдық полицейлер қала тұрғынына ұрланған көлігін тауып берді. «Mercedes E240» Қазақстан Конституциясы көшесіндегі аулалардың бірінен жоғалыпты.

Заң бұзушылық орын алған уақытта жылжымалы мүліктің иесі жолдасымен бірге жақын маңда алкогольді ішімдік ішіп отырған екен. Тәртіп сақшылары дер кезінде автомобильді іздеуге кірісіп, шаһар көшелерінің бірінен тапты. Машинаны мініп, тайып тұрған азамат темір тұлпар иесінің бөтелкелес танысы болып шықты. 45 жастағы петропавлдық заңсыз әрекеті үшін әкімшілік қамауға алынды. Ал, ұрланған мэрседес тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Полиция қызметкерлері мұндай жағдайға тап болмас үшін көлікті тым қараңғы жерге қоймаған жөн дейді. Тағы салонда ақша, құжаттар мен құнды заттарды қалдырмаған абзал.

Бердимурат Баймухан