Петропавлда 36 мобильді бригада жұмыс істеуде

Денсаулық сақтау

21:52 29 Шілде 2020

Дәрігерлердің сөзінше, шілденің алғашқы екі аптасында емханаларға күніне 100-ден астам қоңырау түсіпті. Осы күні шақыртулар біршама азайған. Қазір Петропавлда 36 жедел әрекет ету бригадасы жұмыс істеуде.

Қаладағы №1 емханада 10 мобильді бригада құрылған. Тұрғындарға көмек көрсететін жандар 2 адамнан тұрады. 1 дәрігер немесе фельдшер және жүргізуші. Мысалы, мынау жәдел әрекет ету тобында Денис Бресь есімді азамат еңбек етеді. Ол былтыр Қарағанды медициналық университетін тәмамдапты. Дипломын алғасын туған жеріне жұмыс істеуге келіп, Гиппократ антын қабылдаған.

Денис Бресь – №1 емхананың жалпы тәжірбиедегі дәрігері:

 – Мен сәуір айынан бастап ОРВИ, пневмония, коронавирус дертінің белгілері бар науқастардың үйлеріне барып, көмек көрсетіп жүрмін. Басында қорқынышты болды. Қазір ахуалға етіміз үйретіп кетті. Күніне емханаға 100-ден астам қоңырау түседі. Мысалы, шілденің 13-і 130 шақырту қабылданды. Оның 20-дан астамына біздің бригада барды.

Облыс орталығанда 4 емхана жұмыс істейді. Олардың жанынан барлығы 36 мобильді бригада құрылған. Қазір мамандар күндіз-түні шақыртуларға барып, жерлестерімізге көмек көрсетіп жатыр. Нақтырақ айтатын болсақ, олар тек Covid-19-ға, пневмонияға шалдыққан және жіті респираторлық ауру белгілері бар пациенттерге амбулаториялық-емханалық жәрдем беруде. Науқастардың басым бөлігі жоғары дене қызуы мен тыныс алудың қиындағанын айтып, шағымданады екен.

Әлия Ташетова – №3 қалалық емхананың бас дәрiгерi:

– Мобильді бригаданың құрамындағы дәрігерлер мен фельдшерлер науқастарды тек қарап қана қоймайды, сондай-ақ сатурациясын өлшейді. Ол үшін әр бригада пульсоксиметрамен қамтамасыз етілген. Мобилді бригада үйдегі науқастарға көмек көрсетеді. Пациентерге емдік шараларын бекітіп, үйде стационар ұйымдастырады.

Қаламызда 1 мобильді бригада 5 мың және одан да көп адамға көмек көретеді екен. Бүгінгі таңда біздің облыста мұндай 96 жедел әрекет ету тобы бар. Дәрігерлердің сөзінше, қазір маман саны жеткілікті. Егер шілде айының алғашқы екі аптасында ақ халатты абзал жандар “non-stop” режиміде жұмыс істесе, осы күні сәл болсын жүктеме азайыпты.

Әлия Ташетова – №3 қалалық емхананың бас дәрiгерi:

– Статистика бойынша шілде айының басында әрбір мобильді бригадаға 25-тен жоғары шақыртулар түсетін болса, қазіргі таңда күніне 6-8-10 шақырту келеді.

Естеріңізге сала кетейік, мобильді бригадалар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай шілде айының басында құрылды. Бүгінгі таңда Қазақстанда 4 мыңға жуық жәдел әрекет ету тобы жұмыс істеп жатыр.

Ешкенова Дана

Бұдан әрі оқыңыз

Арнайы мониторингілік топ дәріханаларды тексеруде
Қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы – қатаң бақылауда
Дәрі-дәрімек бағасы – бақылауда
Медицина қызметкерлеріне гуманитарлық көмек көрсетілді
Медицина қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табысталды
Дәрі-дәрмек сақталатын қоймаларға мониторинг жүргізілуде
Медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеу жалғасуда
МӘМС қоры науқастардың ем-домын өтейді
Дәрі-дәрмекпен қамту бойынша call-орталық іске қосылды
Ауруханаларда жоспарлы госпитализация жүргізіліп жатыр
Перзентханадағы жөндеу
Облыстық көпбейінді ауруханаға гуманитарлық көмек жеткізілді