Білім

Мемлекеттік қызметке орналасушы үміткерлер үшін “қазтесттің” жаңа жүйесі жасалды

Мемлекеттік қызметке түсемін дейтін үміткерлердің қазақ тілін меңгеру деңгейі енді жаңа тест жүйесі бойынша тексеріледі. Ол – «ResmiQazTest» деп аталады.

Жүйені ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару акдемиясы халықаралық тәжірибеге сүйене отыра әзірлеген. Тест мамыр айында жарыққа шығып, шілденің 14-і күні қолданысқа енгізілген. Бүгінде мемлекеттік басқару академиясына түсушілер сынақтан пилоттық режимде өтуде. Тестілеу шілденің 30-ы тәмамдалады. Басқарма мамандарының сөзінше, оның қорытындылары шамамен тамыз айының басында белгілі болмақ. Басты талап – үміткерлер көрсеткен нәтиже B2, яғни базалық деңгейден төмен болмауы тиіс. Сынақтан сүрінген “болашақ шенеуніктер” оқу жылы басталғанша дейін академия дайындаған арнайы онлайн-курстардан өтіп, талап етілетін деңгейді игерулері тиіс болады.

Балғаным Оспанова – ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы СҚО бойынша филиалының аға оқытушысы:

– Ресми казтест 4 бөлімнен тұрады: тыңдалым, лексика, грамматика мен сұхбат. Тыңдалым ақпараттың өзектілігін дұрыс түсінуге, лексика грамматикалық бөлім, яғни сөздер мен сөз тіркестерінің лексикалық мағынасын дұрыс анықтауға және жазылым ресми стильдегі мәтіндерді жазу білімін тексеруге бағытталған. Ал арналған сұхбат көпшілік алдында ресми сөйлеу дағдысын анықтайды.

 

 

 

 

Бердимурат Баймухан