МТРА жаңалықтары

Мемлекеттік қызметке орналасу конкурсында – өзгерістер

Шілденің 17-сінен бастап республика бойынша мемлекеттік қызметке орналасу үшін конкурстан өту тәртібіне бірқатар өзгерістер енгізілді.

Бұрын байқаудан өту уақыты 50 жұмыс күнін қамтыса, қазір 15-ке дейін қысқарған. Бұл жаңашылдық мемлекеттік органдарды керекті кадрлармен тезірек толтыруға септеспек. Жауапты департамент басшылығының сөзінше, өзгерістер жүйенің жалпы моделін бұзбайды, керісінше мамандарды тарту процесін тезтетеді. Сонымен қатар, «А» корпусының кадр резерві жойылды, яғни әкімшілік лауазымдарға тағайындау мен босату енді конкурссыз жүзеге асырылады.

Рамиль Бахриразиев – мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы:

– Өзгерістерге сәйкес, мемлекеттік әкімшілік лауазым бойынша көзделген міндеттерді уақытша атқару кезеңі мемлекеттік қызмет өтіліне енгізіледі.

 

Ешкенова Дана