МТРА жаңалықтарыCOVID-19: Қазақстан

Еліміздегі карантин тағы екі аптаға ұзартылады

Еліміздегі карантин тағы екі аптаға ұзартылады. Бұл туралы бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткізілген кеңесте айтылды. Себебі, 5 шілдеден бастап енгізілген шектеу шараларының арқасында індет жұқтырушылардың саны 29 пайызға төмендеген.

Бір күнде тіркелген науқастардың саны 1500-1600-дің аралығында тұрақтады. Стационарларға жатқызылған отандастарымыз бен реанимациялық палаталардағы азаматардың да қатары азайыпты. Қысқасы – ақ халаттыларға артылған жүктеме біршама жеңілдеген. Тенденцияны сақтап, коронавирусқа шалдыққандар мен індеттен көз жұмғандардың санын одан әрі төмендету – маңызды. Сондықтан, ел Президенті Мемлекеттік комиссияға карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету арқылы екі аптаға ұзартуды тапсырды.

 

 

Эльмира Садвокасова