Аптадағы маңызды жаңалықтар

Ел Президенті облыс әкімімен телефон арқылы тілдесті

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкімі Құмар Ақсақаловпен телефон арқылы тілдесті. Әңгіме барысында өңір жетекшісі мемлекет басшысына аймақтағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды баян етті.

Бүгінде өлкемізде жедел-жәрдем көмегіне жүгінетіндердің саны 34 пайызға, инфекциялық және провизорлық стационарларға жатқызылатын науқастардың саны 3 есеге қысқарды. Емдеу мекемелері қажетті көлемде ИВЛ аппараттары және оттегі концентраттарымен қамтылуда. 5 ауруханаға тіпті оттегі станциялары орнатылмақ. Одан бөлек, облыс орталығында 200 орынға шақталған тез тұрғызылатын инфекциялық аурухана бой көтереді. Дәріханалардағы жағдай да бақылауда. Өңірде 1 айға жететін препараттар қоры жасақталуда. Мұндай шаруа шалғайдағы елді мекендерде де атқарылып жатыр. Іске жергілікті аграрийлер ат салысуда. Тағы орақ науқанының жайы айтылды. Жаздың басында құрғақшылық болғанымен, маусымның соңында жаңбыр жауып, алқаптардағы ылғалдылық мөлшерін арттырды. Бүгінде алтын дән ойдағыдай өсіп жатыр.

 

Эльмира Садвокасова