Денсаулық сақтау

Ауруханаларда жоспарлы госпитализация жүргізіліп жатыр

Медициналық мекемелерде жоспарлы госпитализация жүргізіліп жатыр. Яғни, бүгінде өлкедегі ауруханалардың барлығы адамдарды қабылдауда.

Емдеу  науқас жайлы дерек арнайы порталда пайда болған сәттен жүргізіледі. Осы орайда жерлестеріміз негізгі шартты ұмытпаулары тиіс. Дәрігерлер тұрғындарды коронавирусқа тапсырған тесттің қорытындысы бойынша қабылдайды. Оны кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында өтуге мүмкіндік бар. Облыстық көпбейінді ауруханада 200-ге жуық орын әзірленіпті. Мұндағы провизорлық стационардағы жағдай да тұрақталған. Келіп түсушілер саны 2 есеге қысқарыпты. Күніне 30-40 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінеді екен.

Юрий Белоног – облыстық көпбейінді аурухананың бас дәрігері:

– Хирургиялық және химия-терапевтикалық емдеуді қажет ететін жандар көп. Жоспарлы операцияны күтіп жүргендер де бар. Сондықтан біз науқастарды бүгіннен, дәл қазіргі сәттен бастап емдеуге 100 пайыз дайынбыз. Ескерте кетерлігі, солтүстікқазақстандықтар мекемеге жатқызылмас бұрын ПТР тест тапсырулары қажет. Оның нәтижесі 10 күнге дейін жарамды болады. Одан соң, тұрғын тағы бір рет тексеріледі.

Ешкенова Дана