МТРА жаңалықтары

Баспанаға қол жеткізу жолдары баяндалды

Облыстық кітапхана ұжымы адамдарға аса маңызды ақпараттарды жеткізу үшін инстаграмм желісінде жиі тікелей эфирге шығады. Бүгін қонақта – “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ облыстық филиалының маманы Роксана Орынбасарова. Әңгіме барысында жерлесіміз оқырман қауымға «Жас Отбасы» бағдарламасы туралы баян етті.

Роксана Орынбасарова – “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ СҚОФ маманы:

– Жақында «Жас отбасы» атты бағдарлама пайда болды. Оған неке қиғандарына 3 жыл толмаған жандар қатыса алады. Шарт бойынша адам біздің банкте депозит ашуы қажет. Және 1 немесе бірнеше жыл ішінде пәтер құнының 50%-ын жинауы тиіс. Осы талап орындалған жағдайда ипотека 6% жылдық үстемеақымен рәсімделеді.

Екінші бағдарлама – “Арнау”. Ол маусым айында пайда болды. Жоба аясында ата-аналар 18 жасқа дейінгі балаларына депозит ашып, ақша жинай алады. Бірнеше жылдан соң жинақталған қаражат баспана бағасының 50% құраса, пәтер кілтіне қол жеткізу мүмкіндігі бар.

Роксана Орынбасарова – “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ СҚОФ маманы:

– Тұрғындарға тағы бір жақсы жаңалығымыз бар. Жақында «5-10-20» бағдарламасы бастау алмақ. Атауының өзі айтып тұрғандай, баспана құнының 10%-ы жиналған кезде, ипотеканы 5% жылдық үстемеақымен рәсімдеуге болады. Яғни, жылжымайтын мүлікке қолжеткізе аласыз. Тек жалғыз шарт – өтініш беруші қалалық әкімдікте үй кезегінде тұруы керек.

Өлкемізде банк салымшыларының саны жылдан-жылға артып жатыр. Бүгінгі дейін облысымызда 46 000-нан аса депозит ашылыпты.

 

Жанна Бейсенова