Қоғам

Айналаны ластағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады

Пластик бөтелке, бірреттік ыдыстар мен полиэтиленнен жасалған бұйымдар. Бұл – Заречный кентіне кіре берістегі көрініс. Жолдың жиегіндегі бар қоқысты саяжай иелері тастапты. Сөзімізге айқын дәлел, міне бір әйел қолындағы пакетін аялдаманың жанына тастай салды. Мұны тұрғындардың бірі видеоға түсіріп алыпты. Кейін, полицейлерге шағымданған екен. Мамандар бірден мәселені бақылауға алды.

– К нам приходят в опорный пункт и говорят, что мусор все бросают. Сами же дачники! – Мы им отвечаем. «Нет, это кто-то вот, приезжают и бросают. Мы хотим обратно доказать им, то это сами же жильцы, сами же дачники загрязняют, а потом жалуются…

Тәртіп сақшылары саяжайларға барып, тұрғындармен тілдесті. Әңгіме барысында қоғамдық жерлерді ластаған жандар әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы айтылды. Яғни, енді қоқыс тасталса, тұлға 14 мың теңгеге жуық айыппұл арқалайды. Төлем бір аптаның ішінде жасалса, тиісті сомма екі есеге азаяды.

Айдын Ақмағамбетов – қалалық ПБ ЖПҚБ бастығының орынбасары:

 – Тұрғындар әлеуметтік желілер арқылы қоғамдық орындардың ластануы жайлы жиі шағымдануда. Полицейлер мұндай мәселелерді бірден қолға алып, құқық бұзған жандарды анықтайды. Кейін түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Әрине, кей жандар тыңдағысы келмейді. Біз оларды әкімшілік жауапкершілікке тартамыз.

Полицейлер саяжай иелеріне коммуналдық кәсіпорынмен келісіп, қоқыс салатын ыдыстарды қоюға кеңес береді. Жалпы, жыл басынан бері Петропавлда қоғамдық жерді ластау бойынша 600-ден астам факті тіркеліпті.

 

 

 

 

 

Маржан Касымбек