Қоғам

Құтқарушылар өзен-көлдерде рейд өткізді

Карантинге байланысты қазір өзен-көлдерге түсуге болмайды. Алайда, кей жандар жалпыға ортақ ережені елемей, қалалық жағажай аумағында тынығып жатыр. Нақтырақ айтсақ, рұқсат етілмеген жерлерде шомылуда.

Бұл жандарға ескерту жасау қажет. Сол үшін құтқарушылар рейдке шықты. Есіл өзенінің ортасында келе жатқан қайықты көріп, жағадағы кей тұрғындар жан-жаққа қашты, ағаштардың арасына тығылды. Ал кейбірі мамандармен тілдесті. Олар өздерінің наразылықтарын білдіріп жатыр.

Бағлан Ұзақов – СҚО ТЖД азаматтық қорғаныс бөлімінің офицері

– На данном водоеме запрещено купаться.
– Там есть табличка.
– А где вы видите табличку, что разрешено купаться?
– А где стоит табличка, что нельзя купаться?
– Это прописано в постановлении акимата СКО.

Осындай қысқаша әңгімеден кейін демалушылардың бір бөлігі қателіктерін түсініп, үйлеріне тарасты. Ал кейбірі түсіндіру жұмысын жүргізіп жүрген мамандардың сөзін елеген де жоқ. Керісінше, қарсылық танытқандай болды. Мысалы, бір әйел жеткіншек баласымен бірге өзеннің ортасына қарай жүзе жөнелді. Яғни, өзінің ғана емес, ұлының да өміріне қауіп төндірді.

Бағлан Ұзақов – СҚО ТЖД азаматтық қорғаныс бөлімінің офицері:

– Когда будите тонуть что будите делать?
– Кто будет тонуть?
– Всякое бывает в жизни.
– Ну, я зная, я здесь плаваю, знаете сколько лет. Я еще не родилась, мои родители купили эту дачу. Я с детства здесь, я плаваю здесь. Здесь моя земля понимаете? Моя родная земля. Которая меня питает энергетикой. Вы от меня сейчас что хотите?
– Что бы вы вышли из воды
– Зачем?
– Потому что здесь запрещено купаться.

Әңгіме ұзаққа созылды. Бір сәтте жеткіншек судан шықты. Ал анасы әрмен қарай жүзе жөнелді. Бұл жолы құтқарушылар тек ескертумен шектелді. Келесіде осындай жағдай қайталанса, тұлғаға 2 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Жалпы, рейд барысында мамандар бірнеше жерге тоқтап, тұрғындармен тілдесті.

Маржан Касымбек