Облыстық кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңес сайлауына тіркелген 81 кандидаттың 62-сі жолдама алды.
Ал елдегі статистика мынадай: республика бойынша vote.atameken.kz сайтына жолданған 1168 өтініштің 1048 мақұлданыпты. Мүшелікке ниет танытқандардың ең жасы – 21-де, ең үлкені – 73 жаста. Қазақстан бойынша бақ сынаушылардың басым бөлігі – ауыл шаруашылығы саласы өкілдері. Екінші сатыда – сауда-саттық, үшінші орында өңдеу өнеркәсібі өкілдері тұр. Нақтырақ айтар болсақ, іскер жандардың 538 – жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 367-сі жеке кәсіпкерлік субъектісі. Ал жеке тұлғалардың саны 126-ны құрайды. Айта кетейік, сайлау тамыздың 5-і мен 11 аралығында vote.atameken.kz сайтында өтеді. Жалпы елімізде өңірлік кеңестерге жалпы 456 адам қабылданбақ.
Бердимурат Баймухан