Спорт

Былғары қолғап шебері Евгений Павлов жеңіске жетті

Спорт сүйер қауымға сүйінші жаңалық! Жерлесіміз Евгений Павлов кәсіби рингтегі өзінің алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Ол Белорусь астанасы Миниск қаласында өткен бокс кешінде венгр спортшысы Патрик Ренатоны тізе бүкпірді. Кездесу 6 раундқа жоспарланған. Алайда, 2-ші раундта-ақ аяқталды. Солтүстікқазақстандықтың ауыр соққыларына қарсыласы шыдас бермеді. Мажарстандық бірнеше рет нокдаунға түсті. Соңғы нокдаунда тіпті тұра алмай, отырып қалды. Мұны төреші дер кезінде байқап, жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша 21 жасар шаршы алаң шебері жеңіске жетті. Айта кетейік, Евгений Павлов – Петропавл қаласында орналасқан “Олимп” балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі. Ол бокстан облыс құрамасының аға жаттықтырушысы Денис Языковтың қол астында жаттығып, әуесқойлар арасында биік белестерді бағындырды. Алайда, биыл кәсіби спортқа ауысты.

Денис Языков – бокстан облыс құрамасының аға жаттықтырушысы:

– Евгений алғашқы жекпе-жегінде жақсы өнер көрсетті. Бірден венгр спортшысының мысын басып, соққының астына алды. Әдемі, айқын жеңіске жетті. Алдағы уақытта тағы шаршы алаңға шығады. Жоспар бойынша 1 айдасын Германияда қолғап түйістіруі қажет. Әзірге қарсыласын білмейміз. Женя Қазақстанға келмейді. Минсктен Германияға ұшып, сол жақта жаттығады. Евгений жайдан-жайдан кәсіби боксқа ауысқан жоқ. Токиядағы Олимпиада ойындарына жолдама ала алмағасын, барлығымызбен ақылдаса келе өзінің спорттық мансабына өзгеріс енгізді. Әрі жақсы ұсыныс түсті.

 

 

 

 

Данаш Хамзина