Құқық қорғау органдары

Заманауи бейнекамералардың көмегімен 1 мыңнан аса құқықбұзушылық анықталды

Жыл басынан бері бейнекамералармен жарақталған машиналардың көмегімен полицейлер 1000-нан аса құқықбұзушылықтың бетін ашқан. Сондықтан бұл патрульдік автокөліктерді “Мини-ЦОУ” деп атайды. Облыс орталығында мұндай 14 темір тұлпар бар. Әрбіреуіне 4 бірдей видеокамера орнатылған.

Яғни, олар 360 градусты толық қамти алады. Қажет болғанда тәртіп сақшылары бейнекамераларды өздері басқара алады. Заман игілінің арқасында полицейлер көлікті мас күйде басқарудың 144, жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кетудің 39 жағдайын тіркепті. Тағы, бейнежазбалар арқылы жол-көлік оқиғасына қатысы жоқ 300-ден аса әкімшілік құқықбұзушылықты анықталған.

Эльмира Садвокасова