Құқық қорғау органдары

Полицейлер ойнап жүріп жоғалып кеткен 6 жасар баланы тапты

Полицейлер жоғалып кеткен 6 жасар баланы тапты. Оқиға шілденің 21-і Жуков көшесі бойында орналасқан көпқабатты үйлердің маңында орын алған.

Әжесі мен тәтесіне қонаққа келген балғын үйдің алдындағы алаңқайға ойын ойнауға кеткен екен. Бірақ, қайта оралмаған. Алаңдаған туған-туыстары баспананы айналып, іздеуге кірісіпті. Таба алмағандықтан, тәртіп сақшыларына хабар берген. Полиция қызметкерлері бірден іске кірісіп, кішкентай солтүстікқазақстандықты «City Mall» сауда-ойын-сауық орталығы жанынан тауып алған. Анықталғандай, балақай үйге барар жолды ұмытып, адасып кетіпті. Балғын дін аман туыстарының қолына тапсырылды.

Маржан Касымбек