Қоғам

Аққайың ауданындағы екі мектепке автобус кілті табысталды

Аққайың ауданындағы 2 білім ошағына микроавтобустар сатып алынды. «Next» маркалы машиналар 18 орынға шақталған.

Бір-біреуінің құны 12 млн теңгеге жуықтайды. Көліктерге газ қондырғысы орнатылған. Яғни, “газельдер” жанар-жағармайдың екі түрі арқылы жүреді. Аудандық білім бөлімі мамандарының сөзінше, микроавтобустардың бірі Тоқшын мектеп гимназиясына табысталады. Ал, екіншісі Шағалалы орта мектебіне беріледі. Айта кету қажет, биыл өңірдегі білім ошақтарына тиесілі автопарктердің бір бөлігі жаңартылуда. Оқу ұяларына арналған автокөліктердің 24-і өлкемізге әкелінді, алдағы уақытта тағы 19 машина жеткізілмек.

Эльмира Садвокасова