МТРА жаңалықтары

Көліктік бақылау инспекциясы мемлекеттік қызметтің 19 түрін көрсетеді

Өңірлік көліктік бақылау инспекциясы мемлекеттік қызметтің 19 түрін көрсетеді. 12-сі – ақылы, қалған 7-уі – тегін. Олардың бәріне электрондық үкімет порталы арқылы өтініш беруге болады. Ведомство ауыр жүк көліктерінің жүруіне және қауіпті жүк тасымалына рұқсатнамаларды рәсімдейді.

Сондай-ақ, авто, су және темір жол көліктерін тіркеу куәліктері мен өзге де бірқатар құжаттарды береді. Жыл басталғалы бір ғана автокөлік инспекциясы қызметіне азаматтар мен кәсіпкерлер тарапынан 1800-ге жуық өтінім түскен. Олардың 96 пайызы – онлайн форматта. Өтініштердің 1100-ден астамы мақұлданыпты, қалғандары қабылданбаған. Осы орайда, жауапты мамандар жерлестерімізден құжаттар пакетін жинауда мұқият болуды өтінеді.

Руслан Сейталин, СҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы:

– Бас тартудағы негізгі себептердің бірі – тиісті төлемнің жасалмауы. Бірқатар мемлекеттік қызметтер үшін алымдар қарастырылған, оларды өтініш берушілер төлемей жатады. Сондай-ақ, көп жағдайда азаматтар қате деректерді береді, тізімде көрсетілген құжаттардың бәрін тапсырмайды. Көліктің жағдайы мен техникалық сипаттамалары талаптарға сай келмей жататын жәйттер де жиі кездеседі.

 

 

 

Саят Ермек