Денсаулық сақтауCOVID-19: Қазақстан

Д.Тё: “Қазақстандықтарға пандемиямен қатар инфодемия да қауіп төндіріп тұр”

Дәрігердің сөзінше, бүгінде коронавирус пандемиясынан бөлек қазақстандықтарға басқа жау – инфодемия да қауіп төндіріп тұр. Өйткені, індет белең ала бастағалы интернет иірімдерінде фейк-ақпараттар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптаған. Жалған әрі аса негативті бұл жазбалар адамның психикалық жай-күйі мен денсаулығына зиян келтіреді дейді маман. Сондықтан, Дмитрий Тё жерлестерімізге тек ресми сайттар мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы мәліметтерге сену керектігін ескертті әрі оқшауланудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Дмитрий Тё, облыстық көпбейінді аурухана кардиблогының бөлімше меңгерушісі:

– Науқастармен потенциалды қарым-қатынаста болған азаматтар, өзін жайсыз сезінгендер, алыс жолдан келгендерге оқшаулану өте маңызды. Иә, қиын, бірақ екі апта шыдап, үйде отыру керек. Өйткені, осылайша адам өзінің туған-туыстарының, жора-жолдас, таныстарының өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейді. Одан қалды, вирустың таралуын тоқтауға аз да болсын үлесін қосады. Сол себепті, сіздерден жауапкершілік танытуды сұраймын.

 

 

 

Саят Ермек