Құқық қорғау органдары

Автобустар мен сауда орындарындағы ереженің еленуі тексерілді

Бетпердеңіз, антисептигіңіз бар ма? Тәртіп сақшылары қоғамдық көліктерге кіре салысымен жүргізушілерге осы сынды сұрақтар қояды. Ереже ескерілмесе, ескерту жасайды?

– Антисептик, вот, висит… Ну люди спрашивают, значит – не видят! Надо его на видное место закреплять. Маску одеваем в полном объеме, водитель! В первый и последний раз предупреждаем! Все, хорошо!

Бірінші автобуста санитарлық талаптар толық сақталған. Ал екінші қоғамдық көлікте ереже бұзушылық фактісі тіркелді. Жүргізуші маска тақпапты. Сол үшін ескерту алды. Қателікке тағы да жол берсе, айыппұл салынады. Темір тұлпарларды тексеріп болған соң, мамандар қаладағы базарлардағы жағдайды бақылауға аттанды.

Айдар Ғазиз – қалалық ПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы:

– Қоғамдық орындарда тұрғындардың масканы дұрыс таққандығы мен антисептиктің бар-жоғы тексеріледі. Құқық бұзушылық анықталған жағдайда ҚР Әкімшілік Кодексінің 425-баба 1-ші бөлімі бойынша әкімшілік материал жиналады.

Қарапайым тілмен айтқанда әкімшілік хатта толтырылып, айыппұл салынады. Мәселен, соңғы 5 күнде санитарлық талаптардың бұзылуына қатысты өңірде 64 факті анықталыпты. Тәртіп сақшылары ортақ ережені елемеген тұрғындарға 30 АЕК, яғни 84 мың теңге көлемінде айыппұл салған екен.

 

 

Маржан Касымбек