Құқық қорғау органдары

СҚО-да мас күйде көлік жүргізген 19 адам құрықталған

Жыл басынан бері СҚО-да мас күйде көлік жүргізген 19 адам құрықталыпты. Олардың 13-інің бостандығы шектелген. 3-еуі түзеу мекемесіне жазасын өтеуге жіберілсе, 2-еуі қоғамдық жұмыстарға тартылған.

Ережені елемегендердің арасында шалақындық та бар. Жақында жергілікті полицейлер нөмірі жоқ «МТЗ-82» тракторының жүргізушісін тоқтатады. Әңгіме барысында 48 жастағы азамататтан ішімдік иісі сезіліпті. Тергеу кезінде өткен жылдың күзінде жерлесіміздің 3 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айрылғаны анықталады. Енді ол үлкен көлемде айыппұл төлейді немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылады. Осындай факті 2 күннен кейін Жымбал ауданында тіркелді. Мұнда Қостанай облысының тұрғыны машиамен аударылыпты. Абырай болғанда аман қалды. Ол да бұрын тәртіп бұзып, басқару құқығынан айрылған екен. Заң бойынша ер адам 25-ші жылға дейін рөлге отырмауы тиіс еді.

Байболат Култанов