Қоғам

Маусымдағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 32 224 теңгені құрады

Маусым айында Солтүстік Қазақстан облысындағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 32 224 теңгені құрады. Қарапайым тілмен айтқанда, жерлестерімізге азық-түлік және негізгі тауарлар мен қызметтерді алу үшін бұл сома – жеткілікті.

Өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғандағы өсім 17 жарым процентті құраған. Ал енді көрсеткіштерді жас ерекшеліктеріне қарай бөліп, қарастырайық. Статистиктердің есебіне сәйкес, бір айда 13 жасқа дейінгі балаларға орта есеппен 25 600 теңге керек. 14 пен 17 жас аралығындағы бозбалаларға шамамен – 41, ал бойжеткендерге 31 мың теңге жеткілікті. Зейнеткерлер мен қарттар үшін көнкөріс минимумы 30 мың теңгені құрайды. Ал жасы 18 ден асқан ер азаматтарға айына – 38,5 мың, әйелдерге 30 жарым мың теңге қажет екен.

Саят Ермек