Құқық қорғау органдары

Өңір тұрғындары 47 бірлік қару тапсырды

Қолданыссыз жатқан және тауып алған мылтық пен тапаншаны құқық қорғаушыларға тапсырып, ақшалай сыйақы алуға болады. Шілде айының басынан бері өңір тұрғындары тәртіп сақшыларына 47 бірлік қару өткізген.

-А, где оно у вас?

– Дома еще.

– Поехали, примем у вас.

Биыл акция ерекше форматта өтті. Себеп – айтпаса да түсінікті. Тұрғындар өтінішті онлайн форматта берді. Ол мақұлданғаннан кейін полицейлермен кездесіп, қаруды табыстады. Қос тарап та барлық санитарлық нормаларды қатаң сақтаған.

Әлішер Жармағамбетов – Петропавл қалалық ПБ аға инспекторы:

– Петропавл қалалық полиция басқармасымен 12 бірлік қару қабылданды. Оның 11-і – тегіс ұңғылы, ал біреуі – иір ойықты мылтық. Қару тапсырған азаматтардың бірі де жауапкершілікке тартылмайды. Бүгінде материалдарды 600 мың теңге көлемінде сыйақы төлеу үшін қаржылық басқармаға жолдадық.

Акция басталғалы, яғни шілденің бірінен солтүстікқазақстандықтар 47 бірлік қару тапсырған. Оның ішінде 44-і – тегіс ұңғылы, ал үшеуі – иір ойықты мылтық. Акцияға М.Жұмабаев ауданының тұрғындары белсенді қатысқан. Елді мекендіктер қарудың 13 бірлігін тапсырған. Тәртіп сақшылары азаматтардан қаруды тапқан уақытта бірден полицияға хабарлауларын сұрайды. Жыл басынан құқық қорғау өкілдері заңсыз қару сақтауға қатысты 470 құқықбұзушылық фактісін анықтапты.

Эльмира Садвокасова