МТРА жаңалықтарыАптадағы маңызды жаңалықтар

Тамыздың бірінен жарық қымбаттайды

Солтүстік Қазақстан облысында тамыздың бірінен жарық қымбаттайды. Бұл туралы «Севказэнерго» АҚ өкілдері онлайн форматта өткен қоғамдық тыңдауда айтты. Бүгінде кәсіпорын 164 мың солтүстікқазақстандыққа қызмет көрсетуде. Олардың 92-мыңы – Петропавл қаласының тұрғындары.

Абоненттер үшін электр энергиясының тарифі соңғы рет 2017-ші жылы көтерілген. Содан бері айлық төлемге бір тиын да қосылмады. Салдарынан монополистер шығынға бата бастаған. Компанияның жұмысын бұрынғыша жалғастыруы үшін жарықтың бағасын өсіру туралы шешім қабылданған.

Мағауия Сағандықов – «Севказэнергосбыт» ЖШС бас директоры:

–  Біз жылу электр орталығынан энергияны 6,7 теңгеге сатып алатынбыз. Қазір құны 8,38 теңгеге дейін өсті. Сондықтан, біз де осыны есепке алып, тарифті көтеруге мәжбүрміз. Қазіргі таңда әр абонент ай сайын орташа есеппен 150 кВт электр энергиясын тұтынады. Жарықтың бағасы өскеннен кейін, олардың төлеміне қосымша 200 теңге қосылады.