Ауыл шаруашылығы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жайлы сөз қозғалды

«Antikor ortalygy» алаңында ауыл шаруашылығы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жайлы сөз қозғалды. Нақтырақ айтсақ, «Qoldau» порталы туралы әңгіме қаузалды.

Қазіргі уақытта сайтқа фермерлердің көңілі толмайды. Заман игілігі өте баяу жұмыс істейді. Қарапайым өтініш берудің өзі ұзақ уақыт алады екен. Ал, порталдың қызметіне іскер жандар абоненттік төлем жасайды. 1-ші маусымнан бастап оның құны 3,5 есеге өсті. Қазір шамамен 30 мың теңгені құрайды. Жиында мамандар нормативтік құқықтық актілер мен ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жайлы пікір алмасты. Нәтижесінде бармақ басты, көз қыстылықтың алдын алу бағытында 17 ұсыным әзірледі.