Денсаулық сақтау

Дәрі-дәрмекпен қамту бойынша call-орталық іске қосылды

“СК-Фармация” серіктестігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанда тегін дәрі-дәрмекпен қамту сұрақтары бойынша call-орталық іске қосылды.

Енді препараттарға қол жеткізу кезінде мәселе туындаса, науқастар 1439 нөміріне хабарласа алады. Қоңырау үй және мобильді телефондардан тегін шалынады. Емделушілер мамандардан қажетті медикаменттердің неге жеткізілмей жатқан­дығын біле алады. Тағы өздерінің медициналық мекемелеріне дәрі-дәрмектердің қашан келетіндігі туралы толық ақпарат та ала алады. Шағымдар да уақытылы қаралмақ. Тұрғындардың арыз-өтініштеріне мониторинг жасалып, препараттарды жеткізу проблемасы қай кезеңде пайда болатыны анықталмақ.

Эльмира Садвокасова