Құқық қорғау органдары

СҚО-да иісшіл иттердің көмегімен 600-ден астам қылмыс әшкереленген

Иісшіл иттер жыл басынан бері облыс бойынша 600-ден астам қылмысты ашуға көмектескен. Бүгінде төрт аяқтылар есірткі бизнесімен күресте тәртіп сақшыларының таптырмас көмекшілері. Олар қарапайым марихуанамен қатар, синтетикалық еліткіштерді де оңайлықпен табады.

Жануарлар қылмыскерлер мен түрлі жарылғыш заттарды іздестіру кезінде де пайдаланылады. Жыл басталғалы тәртіп сақшылары иттердің көмегіне 141 рет жүгінген. Олардың қатысуымен 9 заңсыз есірткі саудасы, 288 ұрлық және 14 тонау фактісі әшкереленіпті. Өңірде бүгінде 21 қызметші төрт аяқты бар. 11 неміс пен 6 бельгиялық овчарка, 3 спаниель мен 1 лабродор-ретивер өздеріне жүктелген міндеттерін абыроймен орындауда.

 

 

 

 

Саят Ермек