Денсаулық сақтау

Арнайы мониторингілік топ дәріханаларды тексеруде

Мониторингілік топ тексеріспен барған алғашқы дәріхана шаһар супермаркеттерінің бірінде орналасқан. Мамандардың қолында арнайы тізім. Бұл тізімге енген препараттардың бар-жоғы және, ең бастысы, шекті бағасы тексерілуде. Сұранысқа ие дәрі-дәрімек мұнда шамадан тыс қымбат емес пе екен?

Ешбір олқылық анықталмады мұнда. Кей дәрілердің жоқтығы болмаса, құны күйіп тұрған жоқ. Кезекте тағы бір дәріхана.

Осылайша бақылаушы топ журналистермен бірге 3 дәрі-дәрімек дүкеніне бас сұқты. Үшеуінде де парацетамол мен дене қызуын өлшейтін термометр жоқ. Бірақ, қуантары – тауарлардың бағасы денсаулық сақтау министрлігі белгілеген шектен аспайды.

Айнаш Сағандықова – СҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы:

-Негізі мониторингілік топ мүшелері негізгі 41 дәрі-дәрмектің бағалары тексереді. Егерде шектік бағадан асып кетсе дәріхана әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл 41 тізімге дене қызуын түсіретін және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер кіреді.

Жалпы, мұндай тексерістер біздің өңірде шілденің 7-сінен бері жүргізіліп келеді. Күн сайын мамандар дәріханаларды аралайды, бағалармен танысады. Манағы мониторингілік топ бүгінге дейін 128 нысанда бақылау жүргізіп үлгерген. Шектен тыс қымбатшылық тек 3 сауда орнында тіркеліпті.

Айнаш Сағандықова – СҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы:

 – СҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне 4 материал келіп түсті. Соның ішінде бір материал бойынша бір дәріханаға 130 АЕК көлемінде айппұл салынды. Тағы екі іс сотта қарапстырылып жатыр.Тағы бір іс тепартаментің қарауында.

Дәріханадағы медикаменттердің тым қымбат екенін байқап қалғандар 52-14-42 қауырт желі телефонына қоңырау шала алады. Ал әр дәрінің шекті бағасын “Dari.kz” мобильдік қосымшанан қарап алуға болады.

 

 

 

 

Ешкенова Дана