Денсаулық сақтау

Биыл жедел жәрдем орталығы 15 жас маманмен толығады

Тамыз айында облыстық жедел медициналық жәрдем орталығы 15 жас маманмен толығады. Қазір қыз-жігіттер біліктіліктерін арттыруға. Олар арнайы сабақтарға қатысып, тәжді вирус жұқтырған адамға көмектесу жолдарын меңгеріп жатыр.

Коронавирус! Қолдарына жақында ғана диплом алған жастар сұрақтың жауабын біледі, бірақ, індетке шалдыққан адамға көмек көрсету жолдарынан хабарсыз. Сол үшін жедел жәрдем орталығының дәрігері білген-түйгенімен бөлісіп жатыр. Оның сөзінше, маман шақырту кезінде қобалжымау қажет. Сақтық шараларын басты назарда ұстай отыра, қан қысымын, дене қызуын тексеруі тиіс. Қажеттілік туындасы тіпті ине салып, науқасты аппаратқа қосу керек.

Кристина Виль:

– Жұмыс барысында қателік жіберуге мүлде болмайды. Өмірін бізге сеніп тапсырған науқасқа жылдам әрі сапалы көмек көрсетуіміз керек. Жауапкершілікті мойынымызға алып, қолымыздан келгеннің бәрін істеу – міндетіміз. Әр секунд санаулы болғандықтан, уақытты құр босқа өткізіп алуға қатаң тыйым салынады.

Мамандарға арналған сабақ аптаның басында бастау алыпты. Шілденің соңында аяқталады. Осылайша жастар тамыз айында іске кіріседі. Бастапқыда қыз-жігіттер шақыртуларға жалғыз жіберілмейді. Жұмыстың мән-жайын толық түсінгенше білікті мамандармен бірге жүреді. Жас фельдшер Дмитрий Ермилов науқастарға тезірек көмек көрсетсем дейді. Адамдарға жәрдесу оның бала күнгі арманы екен.

Дмитрий Ермилов:

–  Бала кезімде ақ халат киген дәрігерлерге қызыға қарайтынмын. Бүгін сол жандардың бірімін. Біз адамдарға көмек көрсетуіміз қажет. Қиын сәтте жұмыла әрекет етсек, вирусты жеңемін деп ойлаймын.

Жалпы, тамыз айында облыстық жедел медициналық жәрдем орталығына 15 жас маман қабылданбақ. Қазір олардың барлығы тәжірибелерін арттырып жатыр.

Владимир Жужгов – облыстық жедел медициналық жәрдем орталығының көшпелі кардиологиялық бригада дәрігері:

–  Әлемге тараған қауіпті індетке байланысты биыл сабақтар орталықтың өзінде өткізіліп жатыр. Дәріс пен тәжірибелік жұмыстар аяқталған соң, қыз-жігіттер аттестациялаудан өтеді. Кейін, жастар қатарға қосылады. Бар білгенімізбен бөлісудеміз. Дәл қазіргі таңда қоғамға білікті мамандар аса қажет.

Айта кетейік, бүгінде орталықта 80-нен астам маман күшейтілген режимде қызмет етеді. Олар күндіз-түні шақыртуларға барады.

Маржан Қасымбек