Әр түрлі

Алиментті өндіріп алу шаралары қатаңдатылды

Жаңашылдық жайына жіті тоқталайық. Енді төлем жасамаған борышкерлер Қазақстан аумағынан шықпайды. Яғни, олар шекарадан мүлде аспайды. Ал, өзге мемлекетке сапар жасай алмайтындығын сот орындаушылары 5 күн бұрын ескертулері тиіс. Тағы балалары алдында қарызы бар жандарды іздеу ісіне өзгеріс енгізілді. Қазір сот орындаушылары прокурордың санкциясы бойынша іздей береді. Бұрын бұл шаруа сотқа өтініш беру арқылы ғана жүзеге асатын. Бүгінде өңірімізде 90-нан астам алимент төлеушіге іздеу салыныпты

Жұлдыз Байматова – СҚО әділет департаментінің бөлім басшысы:

– Өңірімізде соңғы жарты жылдың ішінде алимент төлеушілер саны 4909-дан 6000-ға жуықтады. Өсім өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 20 пайызды құрайды. Биыл 67 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар – қарыздарын жылдап қайтармай жүргендер. Жалпы, қаңтар-маусым аралығында өлкемізде 1125 отбасы құрылды. Оның 469-сы ажырасты. 

Молдир Шаяхмет