Құқық қорғау органдары

Абаттандыру ережелерін бұзған 117 адамға айыппұл салынған

Жыл басынан бері абаттандыру ережелерін бұзған 100-ден аса солтүстікқазақстандық айыппұл арқалаған. Ал, әкімшілік жауапкершілікке тартылғандардың жалпы саны 6 мың адамды құрайды.

Бұзушылықтардың 70 пайызы, яғни басым бөлігі – аумақтарды уақытылы тазаламау фактісі екен. Тағы, көшелерді, алаңдарды, жолдар мен демалыс орындарын ластау жайттары да тіркелді. Мұндай оқиғаларды қаланың өміріне бей-жай қарамайтын жерлестеріміз фотоға, видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялауда. Мысалы, өткен аптада желі қолданушысы Жамбыл көшесінде орналасқан 290-шы үйдің ауласындағы жағдайды көпшілік назарына ұсынды.

Мұнда петропавлдық ғимараттың маңында жөндеу жұмысы аяқталғасын, қоқыстың шаһар сыртына шығарылмай, балалар алаңқайы жанында қалғанын баяндайды. Аталған факті бойынша полицейлер жедел әрекет етіп, кінәлі жандарды тауыпты, хаттама толтырылыпты. Естеріңізге сала кетейік, аумақтарды абаттандыру ережелерін, инфрақұрылым объектілерін бұзған, сондай-ақ, жасыл желектерді зақымдаған және жойған жандарға естерту жасалады немесе айппұл салынады. Жеке тұлғалар үшін айыппұл құны 55 мың теңгені құрайды. Ал кәсіпкерлік субъектілері 83 мың мен 277 мыңның аралығында айып төлейді.

Ақалтын Рамазанова