Құқық қорғау органдары

Заңсыз айналымнан 500 литрден аса алкоголь алынды

Заңсыз алкоголь саудалаған Петропавл тұрғыны ұсталды. 50 жастағы азамат Шал ақын ауданындағы ауылдардың бірінде көлденең жолмен көк тиын тауыпты. Полицейлерге шағымданған да елді мекендіктердің бірі көрінеді.

Заңбұзушы көлігіндегі ішімдіктің қайдан және не үшін алынғанын түсіндіре алмай, тәртіп сақшыларынан қашып кеткен. Қазір бұл іске қатысты әкімшілік іс қозғалды. Жалпы жыл басынан бері алкогольді заңсыз сату бойынша 120 факті тіркелді. Айналымнан 500 литрден аса ащы су алыныпты.

 

 

 

Эльмира Садвокасова