Қоғам

Қызыл Обадағы қазба жұмыстары уақытша тоқтатылды

Қызыл Обадағы қазба жұмыстары уақытша тоқтатылды. Өңірдегі карантин талаптарына байланысты іске тарихшылар, археологтар тамыз айында қайта кіріспек.

Павлодарлық және жергілікті ғалымдар мен студенттер Уәлиханов ауданына маусымның 9-ы аттанған болатын. Олар 45 күн бойы Алтын Орда кезеңінен қалған қалашық аумағында кезекті мәрте жұмыс жүргізуді жоспарлаған еді. Былтыр мамандар мұнда 14-15-ші ғасырларға тиесілі мазарды тауып, жәдігерлерді зерттеді. Археология әлеміндегі жаңалықтарымен мамандар күзде бөлісеміз деп отыр.

Эльмира Садвокасова