Денсаулық сақтау

Дәрі-дәрмек сақталатын қоймаларға мониторинг жүргізілуде

«Медсервис Плюс» Қазақ фармацевтикалық компаниясы» өңірге аса қажетті дәрі-дәрмектің 41 түрін жеткізеді. Препараттар келген сәтте мұндағы қызметкерлер олардыжіті тексерістен өткізеді. Кейін, облыс аумағындағы дәріханаларға таратады екен. Мамандардың сөзінше, қазір вирусқа қарсы және қызуды түсіретін дәрілер тез сатылып жатыр. Мәселен, аптаның басында ғана әкелінген парацетамол мен аспирин бірден өтіпті. Кәсіпорын иесі олардың кезекті партиясы келесі аптаның ортасына дейін
жеткізіледі дейді.

Евгений Могунов – «Медсервис Плюс» Қазақ фармацевтикалық компаниясы» ЖШС СҚФ директоры:

– Қазір дәрі-дәрмектер тез сатылып жатыр. Препараттардың тапшылығы орын алмау қажет. Сондықтан жұмысты күшейттік. Әр апта сайын Алматы қаласынан жаңа тауарлар әкелудеміз. Олардың көтерме сауда бағасы өскен жоқ. Арнайы базада қалай белгіленген, дәл солай саудаланып жатыр.

Ал, СҚО бойынша «СК-Фармация» серіктестігі медициналық қорғаныс құралдарын тасымалдаумен айналысады. Қазір кәсіпорынның мына қоймасында арнайы костюм, бетперде, бахила және антисептик сынды қазіргі таңда аса қажетті заттар бар. Олар өңірдегі ауруханалар мен емханаларға тегін беріледі. Айта кетейік, жақында өңірге өзге елден гуманитарлық көмек жеткізілді.

Вячеслав Михалёв – СҚО бойынша «СК-Фармация» ЖШС менеджері:

– Сәрсенбі күні Катардан гуманитарлық көмек ретінде медициналық қорғаныс құралдары келді. Бұл дүниелер бүгін біз денсаулық сақтау басқармасына бердік. Ондағы мамандар заттарды қажет деген жерлерге өздері таратады. Бұл – сәуір айынан бері жеткізілген 10-шы көмек.

Бүгін қос серіктестіктің жұмысымен арнайы мониторингілік топ танысты. Арнайы шара барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті өкілдері, қоғам белсенділері мен нұротандықтар қазіргі таңда аса өзекті сауалдарға жауап алды. Сұрақтар: дәрі жеткілікті ме? Қандай бағада және қалай сатылуда? Қанша уақытта жеткізіледі? Бұл бағытта тұрғындар тарапынан бірталай шығым түсіпті.

Дамир Хабибулин – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаменті басқармасының басшысы:

– Апта басынан бері тұрғындар тарапынан 10 шағым келіп түсіпті. Қалалықтардың басым бөлігі қызуды түсіретін және вирусқа қарсы дәрілердің жоқтығын айтуда. Антикор қызметкерлері мен полицейлер аталған дәріханаларға барып, жағдайдың мән-жайын білуде. Егер заңбұзышылық орын алса әкімшілік хаттама толтырылады.

Шара барысында мамандар қос компанияның жұмысына жақсы деген баға берді. Алдағы күндері де мониторингілік топ бақылау шарасын жалғастыра бермек.

 

Маржан Касымбек