Әр түрлі

Петропавлда кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Қазір елімізде Президент тапсырмасына сай адамдарды еңбекпен қамту бағытында ауқамды шаруа атқарылып жатыр. Өткен аптада Петропавлда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Оның нәтижесінде 100-ден аса тұрғын екі қолға бір күрек тапты. Сәуірдің 8-і күні мұндай шара облыс орталығында кезекті мәрте ұйымдастырылды.

Төтенше жағдай жарияланған уақытта елдегі мекемелердің басым бөлігі қашықтықтан жұмыс істеуге көшті. Ал, кейбірі істі мүлде тоқтатты. Осының салдарынан қазақстандықтар тұрақты табыстарынан айырылды. Осы сәттен бастап мемлекет қиындыққа тап болған азаматтарға көмек көрсетіп жатыр. Мысалы, біздің облыста жақында аймақ басшысының бастамасымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– 3 шілде күні бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. 29 кәсіпорынмен 280 адам қатысты. 103 адам құжаттарын тапсырып, жұмысқа орналасайын деп жатыр.

Бұл жәрмеңкеде екі қолға бір күрек таппай жүрген солтүстікқазақстандықтарға 1800-ден астам жұмыс орны ұсынылды. Осындай іс-шара шілденің 8-і күні де ұйымдастырылды. Бұл жолы жұртшылық Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театры алдында бас қосты. Келушілер аса көп емес. Арасында Айгүл Кожухова бар. Жерлесіміздің мамандығы тарих пәнінің мұғалімі екен. Бірақ, нәзікжанды бұл саласында еңбек етпепті. Себебі, тұрмысқа шығып, екі рет ана атанған. Қазір балалары балабақшаға барады. Сондықтан жұмысқа шықпақшы. Жәрмеңке барысында оны іске жауапты мамандар қарсы алып, қолда бар ақпаратпен бөлісті.

Айгүл Кожухова – қала тұрғыны:

– Мамандығым – мұғалім. Әзірге жұмыс таппадым. Себебі, жазғы демалыс кезінде қызметке тұру қиын. Мұндағы адамдар мені тамыз айында өтетін жәрмеңкеге шақырды. Дегенмен, өзімнің мамандығыма сәйкес келмейтін бірқатар жұмыс орындары жайлы ақпарат алдым. Енді соларды қарастырып көремін.

Естеріңзге сала кетейік, қазіргі уақытта жұмыс іздеп жүрген тұрғындарға бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Олар қызметке орналасу үшін тек маңызды құжаттарды ғана жинаулары тиіс.

Дана Сәлімқызы