МТРА жаңалықтары

Облыстық кітапханада ерекше көрме өтті

С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхана ұжымы ерекше көрме ұйымдастырды. Мамандар инстаграм желісінде тікелей эфирге шығып, оқырман қауымға туындылардың аудио нұсқасын таныстырды.

Яғни, дисктерді көрсетті. Топтамаға негізінен тарихи, мәдени еңбектер еніпті. Сонымен қатар, Абай Құнанбаевтың қара сөздері, өзге де танымал тұлғалардың музыкалық шығармалары жазылған күйтабақтар бар. Шарада жерлестеріміздің де аудио нұсқадағы кітаптарын кездестіруге болады. Айта кетейік, мұндай көрме алдағы уақытта тағы да өтпек. Оны әрбір бөлім өкілдері ұйымдастырып, тұрғындарды қуантпақ ниетте.

Кәмшат Әбілкәрімова – С.Мұқанов атындағы ОҒӘК кітапханашысы:

– Бүгін біз оқырмандарымызды өнер бөлімінің қорымен таныстыруға дайынбыз. Оның ішінде ерекше назардағы дискілер болады. Бұл дискілер – өте құнды, әрі оқырмандарымыз үшін өте пайдалы деп санаймыз.

– Бүгінгі іс-шарада біз атақты жерлестеріміз Еслям Зікібаевтың дискісін ұсынамыз. «Дауылпаз баба – Қожаберген» атты кітаптың электронды нұсқасын ұсынамыз.