МТРА жаңалықтары

Кәсіпкерлер палатасы жанындағы өңірлік кеңеске мүшелерді сайлау басталды

Облыстық кәсіпкерлер палатасы жанындағы өңірлік кеңеске мүшелерді сайлау басталды. Өтінімдер кешеден бері қабылданып жатыр. Науқан шілденің 15-і күні өз мәресіне жетпек.

Бір күннің ішінде 3 солтүстікқазақстандық atameken.kz сайтына кіріп, өзі жайлы ақпарат жіберіпті. Бұл – бірінші кезең. Екіншіде үміткерлер халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді. Ол осы айдың 16-ы күні бастау алмақ. Ал, шілденің 22-сінде арнайы комиссия өкілдері қорытынды шығарады. Яғни, кеңес мүшелері анықталады.

Рахымбек Зейнуллин – СҚО кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы:

– Өңірлік кеңеске қандай да бір дәрежеге жеткен кәсіпкерлер қатыса алады. Қатысушыларға талаптар да бар. Олар өз ісінің шеберлері болуы керек. Өтінімдер онлайн қабылданып жатыр.

Маржан Касымбек