Денсаулық сақтау

Мобильдік бригадаларды шақырту ақысын МӘМС қоры өтейді

Өңірлік міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мамандары жедел жәрдемнің жаңа қызметі турасында түсініктеме берді. Еске салсақ, енді азаматтар ақылы мобильдік бригадалардың көмегіне жүгіне алады. Бір шақырту құны – 5 жарым мың теңге.

Алайда, жұртшылыққа қалтадан ақша шығарудың қажеті жоқ дейді мамандар. Қызмет үшін ақы медициналық сақтандыру қоры есебінен өтелмек. Айта кеткен жөн, мобильдік бригадалар  бойында COVID-19 және пневмония белгілері бар науқастарды бақылау үшін қажет. Сондай-ақ бұл жедел топтары стационарда ем алып шыққан жандардың хал-жағдайын қадағалайды, созылмалы аурулары бар азаматтарға үйде қызмет көрсетеді әрі жүкті әйелдер мен балаларға патронаж жүргізеді.

 

 

 

 

 

Саят Ермек