ТЖ

Өңірде өткен аптада 12 өрт оқиғасы тіркелді

Өткен жұмада өңірде 12 өрт оқиғасы тіркелді. 1 жағдай табиғи құбылыстан орын алған. Аптаның ортасында Петропавлдағы тұрғын жайлардың біріне найзағай түсіпті. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеді. Тұрғындардың барлығы дер кезінде құтқарылған. Бұл жайлы журналистерге брифинг барысында.

Шілденің үші күні қаладағы Демиденко көшесі бойында орналасқан 72-ші үйге найзағай түсті. Салдарынан өрт оқиғасы орын алды. От шатырдың 35 шаршы метрін шарпыған. Апат орын алған кезде нысан ішінде мүмкіндігі шектеулі зейнеткер мен оның ұлы ұйықтап жатыпты. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.

Игорь Жуков – СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

– Бұл төтенше жағдай туралы хабар құтқарушыларға түнгі 3-тер шамасында түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына бірден жеткен. Олар келгенде қызыл жалын үйдің шатырын толығымен шарпып үлгеріпті. Мамандар баспана ішінен 2 газ боллонын сыртқа шығарды. Қос тұрғын дін аман. Бұл – жыл басталғалы өңірімізде табиғат құбылыстарынан орын алған алғашқы оқыс оқиға.

Тағы бір өрт оқиғасы өткен сенбіде Қызылжар ауданында тіркелді. Шілденің 4-і күні таңғы 6 жарымдар шамасында Якорь селосында орналасқан жер үй отқа оранды. Мамандар келгенше баспананың шатыры түгел жанып кеткен. Қуанышымызға орай, адам шығыны жоқ. Көршілер нысан ішінен 4-пен 16 жас аралығындағы балаларды құтқарыпты. Ата-ана сыртқа өздері шығыпты.

Игорь Жуков – СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

-Қызыл жалын жер үйден шыққан. Алдын-ала болжамымыз бойынша өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан орын алды. От шарпыған аумақ 90 шаршы метрді құрайды. Тілсіз жауды мамандар таңғы 7-де толығымен ауыздықтаған.

Игорь Жуковтың сөзінше, өткен аптада өңірімізде 40-қа тарта төтенше жағдай орын алыпты. Оның 12-сі өрт оқиғасы екен. Сондықтан мамандар ағайынды абай болуға шақырады.

 

 

Ешкенова Дана