Әр түрлі

Дәрі-дәрмек құнын негізсіз көтерген саудагерлер жазаланады

Елдегі дәріханаларда дәрі тапшылығы байқалады. Әсіресе, сауда нүктелерінде вирусқа қарсы және қызу түсіретін препараттар жетіспей жатыр. Тіпті қарапайым парацетомол мен аспирин де жоқ екен.

Мұның себебі анықталды. Денсаулық сақтау министрлігі, қазақстандықтар әлеуметтік желілердегі жалған ақпараттарға сеніп, қажетті дүниелерді жаппай сатып алған. Алдағы уақытта өлкемізде бұған жол бермеу қажет. Сондықтан осы мәселені сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жергілікті өкілдері бақылауға алды. Егер де тауар жетіспеушілігі және бағанының негізсіз қамбаттауы сынды жағдайға тап болсаңыз, экранда көрсетілген нөмірге хабарласыңыз- 8-707-564-14-24. Мамандар көмек қолын созады.

Амангелді Сатанов – “Қызылжар – адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің жетекшісі:

– Дәрі-дәрмек сататын орынның нақты мекен жайын айтсаңыз жеткілікті. Көрсетілген жерге арнайы топ өкілдері барады. Сонымен қатар, біз элеуметтік желілерді де бақылайтын боламыз. Яғни, интернетте препараттардың жоғары бағада сатылмауын қадағалаймыз.

Маржан Касымбек