Құқық қорғау органдары

“Ақылды” бағдаршамдардың пайдасы

Тәртіп сақшылары 7 “ақылды” бағдаршамның көмегімен 3800-ден аса құқықбұзушылықты анықтады. Бұл – тек 2020-шы жылдың басынан тіркелген фактілер. Тың бейнебақылау жүйесі бүгінде облыс орталығының 14 көшесінің қиылысында орналасқан.

Көбінесе жерлестеріміз тоқтау сызығынан асып тоқтайды екен. Дәл осы ережені бұзған азаматтарға 8 мың теңге көлемінде айыппұл қарастырылған. Ал, жүруге тыйым салатын белгіні елемегендер үшін әкімшілік жазаның көлемі – 28 мың. Тағы жиі кездесетін құқықбұзушылық – жылдамдықты асыру. “Шумахерлер” мұндай әрекеттері үшін 41 мың теңгелерінен қағылады.

 

 

 

 

Бердимурат Баймухан