Құқық қорғау органдары

СҚО-да есірткіге тәуелді жандардың қатары азаюда

Облыста есірткіге тәуелді жандардың қатары азайып келеді. Соңғы деректерге сүйенсек, қазіргі таңда диспансерлік есепте 636 адам тұр.

Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6 пайызға төмен. Яғни, көрсеткіш 24 тұрғынға кем. Өкінішке қарай, нашақорлықтың қармағына ілінгендердің арасында кәмелетке толмаған жастар да бар. Биыл өлкемізде зиянды заттан қайтыс болу фактісі де тіркелді. 3 солтүстікқазақстандық нашаны шамадан тыс қабылдап, көз жұмған екен. Ал, заңсыз айналымнан алынған есірткінің көлемі 175 келіден асады.

Жандос Басыбаев – СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы:

– Облыс аумағында есірткі заттарының заңсыз айналымы саласында заңнама бұзудың 103 фактісі тіркелді. Тәркіленген зиянды заттардың басы бөлігі – «тұз», «спайс», «мефедрон» сынды синтетикалық препараттар. Біз интернет кеңістігінде белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Себебі, жаңа ғана аталған синтетикалық дүниелердің басым бөлігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы сатылады. Бүгінге дейін мұндай 4 қылмыстың бетін аштық.

 

 

 

Бердимурат Баймухан