Қоғам

“Nur Otan” партиясына 5 адам қабылданды

Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білген жандар. Елорданың 22 жылдығы қарсаңында “Nur Otan” партиясы облыстық филиалының қабырғасында салтанатты шара өтті. Жиында өңіріміздің 10-нан аса азаматына Елбасының алғыс хаты мен Президенттің “Халық алғысы” медалі табысталды.

Олар қиын сәтте мұқтаждарға көмектесіп, індетпен күресте белсенділік танытты. Сондай-ақ, облысымыздағы 3 мыңға жуық отбасыға “Біз біргеміз” акциясы аясында азық-түлік салынған қораптар таратты. Марапат алғандардың қатарында еріктілер, кәсіпкерлер мен спортшылар бар. Сонымен қатар, бүгін еліміздің бас партиясына тағы 5 адам мүшелікке қабылданды.

Біржан Құдайбергенов – “Jas Otan” ЖҚ СҚОФ жетекшісі:

– Медаль үшін Президентке алғысымды білдіремін. Бұл менің ғана емес, барлық ұжымның еңбегінің арқасы.

 

 

Бердимурат Баймухан