МТРА жаңалықтарыАптадағы маңызды жаңалықтар

Кадрлық ауыс-түйіс

Аққайыңдар өлкесінде кадрлық ауыс-түйіс! Бүгін Уәлиханов ауданына жаңа әкім тағайындалды.

Енді бұл қызметті облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бұрынғы басшысы Қайрат Пішенбаев атқармақ. Оны аудан активіне өңір басшысы Құмар Ақсақалов таныстырды. Атқамінер еңбек жолын 1979 жылы бастаған. Содан бері әртүрлі лауазымдарда еңбек еткен. Бір кездері Ақжар, Қызылжар және М.Жұмабаев аудандарын да басқарған. Сондай-ақ “Nur Otan”партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болған.

 

 

Ешкенова Дана