Қоғам

Биыл Елордамызға – 22 жыл

Қазір қоғам белсенділері отандастарымызды елорда күнімен құттықтап жатыр. Олардың қатарында солтүстікқазақстандықтар да бар.

Жерлестеріміз әлем таныған астанамен мақтанамыз дейді. Себебі, көркіне көз тоймайтын бас шаһарымыз аз уақыттың ішінде бой көтерді, көпшілікке танылды. ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды. Теріскейліктер Ерке есілдің жағасындағы ару елордамыз жасай берсін, өркендей берсін деген тілекте.

Гүлбақша Мұсабаева — «Urpaq» қазақ-мәдени ағарту орталығы» ҚБ төрайымы, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ доценті:

– Астана күні – біздің еліміздің тарихи мерекесі. Қазіргі таңда астанамыз – жастардың қаласы. Елордамыз әрқашанда халықаралық аренада мәдени, саяси, экономикалық орталық болып өркендей берсін.

Чингиз Курбанов – СҚО әзірбайжан мәдениеті орталығының төрағасы:

– СҚО әзірбайжан мәдениеті орталығының атынан сіздерді Нұрсұлтан күнімен құттықтаймын. Зор денсаулық, ашық аспан тілеймін. Қазақстанымыз гүлдене берсін.

 

 

 

Ешкенова Дана