Құқық қорғау органдары

2 мыңнан астам жерлесіміз жолда жүру ережесін бұзған

Жыл басынан бері өңірімізде 2 мыңнан астам солтүстікқазақстандық жолда жүру ережесін бұзған.

Көбіне ережені велосипедшілер елемейді. Олар жоғары жылдамдықпен жаяу жүргіншілер жолағынан өтеді екен. Осының салдарынан көше бойында және бағдаршам тұсында апат болады. Тәртіп сақшыларының сөзінше, адамдар ақ-сары түсті белгілері бар жерлерден  қос доңғалақты көліктерінен түсіп, оны жетектеп өтулері тиіс. Негізі велосипед және мопед иелері арнайы веложолмен қатынаулары қажет. Ондай мүмкіндік қарастырылмаса жолдың оң жақ шетімен немесе тротуармен жүруге рұқсат етіледі. Жалпы, биыл ортақ тәртіпке бағынбаған жандарға қатысты полицейлер 2225 хаттама толтырыпты.

Ешкенова Дана