Денсаулық сақтау

Өңірде дезинфекциялық шаралар жалғасуда

Қауіпсіздік – басты назарда! Өңірде жұқпалы індеттің одан әрі белең алуына жол бермеу мақсатында дезинфекциялық шаралар күшейтілуде. Бүгінде шаһар көшелері мен аялдамалар арнайы сұйықтықпен өңделіп жатыр. Сонымен қатар, көпқабатты үйлердің іші-сырты зарасыздандырылуда. Бұл іске ПИК төрағалары жауапты.

Арнайы киім киіп, қолына бүріккіш құрылғы ұстаған жан Уәлиханов “46В” мекен жайының маңын және подьездерді зарарсыздандырып жүр. Бұл азаматты мұндағы тұрғындар күнде көреді. Ол наурыз бері айынан бері осы көпқабатты үйдің сырты мен ішін дезинфекциялау ісімен айналысады екен.

Маманды “Уәлиханов 46В” ПИК төрайымы жалдаған көрінеді. Дезинфекцияға қажетті заттардың барлығын Юлия Андроненко тұрғындардан жиналған ақшаға сатып алыпты. Нәзік жандының сөзінше, қазіргі уақытта айналаны таза ұстау қажет. Сонда ғана көзге көрінбейтін жауды жеңуге болады.

Юлия Андроненко – “Уәлиханов 46В” ПИК төрайымы:

– Соңғы кезде подьездерді жиі зарарсыздандыратын болдық. Себебі, инфекция күннен-күнге өршіп барады. Маман 8 литрлік бүріккішке 4-5 дихлор дәрісін салып, сумен араластырады. Кейін, әр пәтер есігінің тұтқасын, терезенің жан-жағын, қабырғаларды зарарсыздандырады.Сондай-ақ, балалар алаңқайына, сырттағы орындықтарға сұйықтық шашады.

Атқарылып жатқан шаруаға тұрғындар риза. Олар маманның жұмысына оң бағаларын беріп, алғыстарын айтуда.

– Бұл – үлкен іс. Кішкентай шаруа сияқты көрінгенімен. Дезинфекция жүргізетін жандарға алғыс айтамын.

–  Біздің үйде әрдайым зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Подьездіміз таза.

Естеріңізде болар, төтенше жағдай кезінде індет ошағы табылған үйлердің подъездерін мамандар жауып тастайтын. Бүгінде олай емес. Инфекция анықталған жерге арнайы бригада келіп, тегін зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізеді.

Жұлдызбек Жамантаев – «СҚО бойынша дезинфекция орталығы” Ұлттық сараптама орталығы директорының орынбасары:

– Егер ауру ошағы тыбылса, дезинфекциялық орталықтан дезбригада шығып, сол жақта тегін дезинфекция жасалады. Яғни, тұрғылықты жері болсын, жұмыс орны немесе балабақша болсын зарасыздандыруы жұмыстары жүргізіледі.

Мамандар әр адамды жауапкершілік танытып, санитарлық талаптарды сақтауға шақырады. Олар сонда ғана вирусты ауыздықтауға болады дейді.

Дана  Ешкенова